ҚР Туы                           ҚР Елтаңбасы                       ҚР Гимні
Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.

Публичный отчёт


Публичный доклад директора

Алға мектеп-бақшасының 2017-2018 оқу жылы бойынша қорытынды жылдық есебі

1.Жалпыға бірдей білім беру қызметін ұйымдастыру

«Алға мектеп-бақшасы»ММ-сі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру)мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына ,Қазақстан   Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі№115 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламаларына сәйкес әзірленіп 2015-2016 оқу жылында Қазақстан Республикасының Жалпы орта білім беретін (сонымен бірге инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын) ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хатын басшылыққа алып жұмысын атқарып келді..

Мектепке дейінгі ұйымында тәрбие- оқыту жұмыстары   ҚР Білім және ғылым министрлігінің міндетін атқарушының 2008 жылғы 28 қарашадағы № 628 бұйрығымен бекітілген «Казақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Негізгі ережелер. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ҚР МЖМБС 1.001-2009» (одан әрі "ҚР МЖМБС 1.001-2009") және 2013-2015 жылдары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамызда №1080 қаулысымен қолданысқа енгізілген «Казақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына» сай өткізілген және 2010 жылғы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Мектепке дейінгі балалық шақ» Республикалық орталығы әзірлеген "Алғашқы қадам", "Зерек бала", "Біз мектепке барамыз" бағдарламалары басшылыққа алынды. Мектепке дейінгі ұйымның осы жылғы жұмыстық оқу жоспары аудандық білім бөлімінің   басшысымен келісіліп, мектеп –бақша директорымен бекітілді. Жұмыстық оқу жоспары 2014-2015 оқу жылында ҚР МЖМБС 1.4.002-2012. талаптарына мен ҚР Білім және ғылым министрінің 20.12.2012ж №557 бұйрығына сай құрылған. Мектепке дейінгі ұйымдағы 10 топтың ҰОІӘ-нің перспективалық жоспарлары 2010 жылғы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Мектепке дейінгі балалық шақ» Республикалық орталығы әзірлеген "Алғашқы қадам", "Зерек бала", "Біз мектепке барамыз" бағдарламалары және осы бағдарламаларды негізге алып құрылған ҚР БжҒМ ұсынған Алматы кітап баспасынан 2014 жылы шыққан Әдістемелік құралдарды( «2+» , «3+», «4+», «5+» ) басшылыққа ала отырып жұмыстанады. Барлық топтарда осы Әдістемелік құралдармен толық қамтылған.

Алға мектеп- бақшасында жалпы 39 педагог-кадр қызмет етеді.Оның ішінде мектеп бойынша15 педагог,оның ішінде-директор -1, оқу ісі жөніндегі орынбасары-1, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары-1, психолог-1, логопед-1,тәлімгер-1, дене шынықтыру пәні мұғалімі-1, ағылшын тілі пәні мұғалімі-1, бастауыш сынып мұғалімі - 6, кітапханашы-1.

Мектепке дейінгі бөлімде – 24 педагог қызмет етеді. Оның ішінде-21 тәрбиеші, 1-әдіскер, 1- музыка жетекшісі, 1- хореография жетекшісі.

«Алға мектеп-бақшасы»ММ-сі бойынша біліктілік санатына талдау

Оқу жылы

Барлық педкадр

Жоғары санатты

І санатты

ІІ санатты

Санатсыз

2016-2017

39

7

18%

8

21%

12

31%

12

31%











Оқу жылы

Жоғары білімді

арнаулы орта білімді

2016-2017 оқу жылы

19

20





«Алға мектеп-бақшасы»ММ-сі бойынша білімі бойынша талдау

Алға мектеп-бақшасы бойынша педагог -қызметкерлердің біліктілігін арттыру курстары бойынша:

Жалпы 39 педагогтың

2016-2017 жылы -8 педагогі өтті.

Алға мектеп-бақшасы бойынша педагог қызметкерлердің аттестациядан өту туралы

2016-2017 оқу жылында 2 педагог жоғары санатты растады, 1 педагог жоғары санатқа өтті, 1 педагог бірінші санатты растады және бір педагог бірінші санатқа өтті.

2016-2017 оқу жылы алға қойған мақсат: жеке тұлғаның дамуына педагогикалық,әдістемелік жағдай жасау, оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, ұлттық сана сезімдерін қалыптастыру.

Міндеттер: балалардың денсаулығын қорғау және салауатты өмір салтының дағдыларын қалыптастыру.Балалардың психологиялық қабілеттерінің дамуына ықпал ету.Балалардың зертеу әрекетін дамыту, топтарда зерттеу бұрышын жабдықтау Балаларға ұлттық тәрбие беру, патриоттық сезімін қалыптастыру. Осы мақсат міндеттерді шешу мақсатында тәрбиешілер және балалармен құрылған жоспар бойынша жұмыстар жүргізілді.

Алға мектеп-бақшасының топтары аптаның 5 жұмыс күнінде жұмыс жасайды. Барлық топтар саны –10 Бұл (1кіші топ-2, 2кіші топ-3, ортаңғы топ-3, ересек-1, даярлық топ-1) топтардың бәрінде оқу–тәрбие жұмыстары мемлекеттік тілде

жүргізіледі. Тізімде 287 бала тұр. Балалар мектепке дейінгі ұйымға аудандық білім бөлімінен берілген жолдамасы бойынша қабылданды. Ата-аналармен келісім-шарт жасалады

2.Басқару қызметі.

Оқу үрдісiн ұйымдастыру жөнiндегi iшкi басқару құжаттары, ережелер.

         - 2016-2017 оқу жылында мектеп-бақшаның жылдық жоспары бар;

         - 2016-2017 оқу жылында мектеп-бақшаның жұмыс оқу жоспары бар;

         - 2016-2017 оқу жылында мектеп-бақшаның топтарындакүн тәртібі;

         -2016-2017 оқу жылында мектеп-бақшаның топтарында ұйымдастырылған оқу іс –әрекетінің кестесі;

         -мектеп-бақша әкімшілігі мен бастауыш кәсіподақ ұйымы арасындағы ұжымдық шарты жасалған

          - мектепшілік ережелері, жұмыс уақыттар кестесі бар.

Басқару әкімшілік қызметкерлер құрамы: директор-1, оқу ісінің меңгеруші -1; тәрбие ісі жөніндегіі орынбасары-1; әдіскер -1.

3.Ғылыми –әдістемелік қызмет

Алға мектеп-бақшасында эксперименталды аумақтар жоқ.

Инновациялық қызметтің бағдарламалары мен жоспарлары жасалған.Жүргізілетін ғылыми зерттеу жұмыстың тиімділігі (әдістемелік нұсқаулар, оқу үдерісіне енгізілетін әдістемелік сипаттағы мақалалар жинақталған).

Әдістемелік нұсқаулар, оқу үдерісіне енгізілетін әдістемелік сипаттағы мақалалар   республикалық, облыстық басылымдарда, ақпараттық құралдарда шығарылып отырды.

Әдістемелік   нұсқаулар, мақалалар кестесі


Жылдары

Аудандық басылым саны

Облыстық басылым саны

Республикалық басылым саны

2016-2017 оқу жылы

3

12

4


Аудандық сараптау комиссиясымен бекітілген адаптивті бағдарламалары

Бағдарлама

Мақсаты

Құрастырушы

1

«Дидактикалық ойындар» 3-4 жас

Балалардың дидактикалық ойындар ақылы байланыстыра сөйлеуін жетілдіру.Сөздік қорын байыту.

Аяганова Г.

2

«Сиқырлы сурет» 5-6 жас

Шығармашылық қабілеттерін және іс әрекетін қалыптастыру; қиял ғажайып сурет салу арқылы фантазиясын дамыту.

Абиева Ж.

3

«Ойна да,ойла» 5-6 жас

Мектепке дейінгі тәрбиеленушілердің сөздік қорын байытып, байланыстыра сөйлеуін жетілдіру, есте сақтау қабілетін дамыту.

Абиева Ж.

4

«Әдеп әліппесі» 6 жас

Мектепке дейінгі тәрбиеленушілерді адамгершілікке,шыншылдыққа, инабаттылыққа дағдыландыру, оның жеке тұлғалық мәдени базисінің жан-жақты дамуын арттыру.

Кармашева А.

4

«Бейнелеу өнері» 5 жас

Мектепке дейінгі тәрбиеленушілердің эстетикалық дамуын бейнелеу өнері арқылы табиғатты, өнерді қабылдап, өзіндік көркем әрекет процесін жандандыру.

Бегжанова А.

5

«Ғажайып әлеміне саяхат»5 жас

Мектепке дейінгі тәрбиеленушілерді адамгершілікке, инабаттылыққа дағдыландыру.Қиялдау,армандау қабілеттерін дамыту.

Дерпанова Б.

6

«Алақай ойын ойнайық балақай» 5 жас

Бала бойына адамгершілік құндылықты сіңіріп, мейірімділікке, қарапайымдылыққа тәрбиелеу; сөздік қорын молайту,тілін дамыту.

Дузбаева Д.

7

«Би әлемі» 5-6 жас

Балалардың би өнеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, музыкалық эстетикалық тәрбие мен шығармашылық қабілеттерін дамыта отыра денсаулықтарын нығайту.

Жеткіншек Б.

8

«Әйбат саусақтар» 3-4 жас

Кішкентай балалардың психологиялық қызметін және танымдық қабілетін дамытып, таным белсенділіктерін, қызығушылықтарын арттыру.

Интимакова Г.

9

«Экологиялық тәрбие» 4-5 жас

Табиғатқа деген сүйіспеншілігін молайту, әсемдікті, әдемілікті көре білуге, табиғатты қорғап аялауға үйрету.

Исаева Г.

10

«Ғажайып ел»

Балалардың өзін-өзі тану, қоршаған орта жайлы ағылшын тілінде тереңірек үйрету. Тілге деген қызығушылықтарын дамыту.

Қалиева Б.

      Алға мектеп –бақшасының облыстық және қалалық әдістемелік семинарларға және конференцияларға қатысуы


         Жылы

Аудандық

Облыстық

Республикалық

2016-2017 оқу жылы

6

10

-

4.Алға мектеп-бақшасының оқу үдересін ақпараттандыру

1) Веб-сайт және білім беру порталының бар болуы:

Веб-сайт және білім беру порталы жоқ.

2) Компьютерлік техниканы қолданудың саны, сапасы және тиімділігі.

Мектеп-бақшасында:

- компьютер –6 дана

- модем D-LinkDSL-2540 – 1 дана

- принтер-керокс ч/б – 2 дана

- принтер түрлі-түсті – 1 дана

- теледидар –10 дана

- ДВД –7 дана

- музыкалық орталығы – 1 дана

- аудиомагнитофон – 1 дана

- телефон-факс – 1 дана

- телефон –1 дана

- ксерокс – 2 дана

- смарт TV - 2 дана

- проектор - 2 дана

барлығыда жұмыс жасайды.

Алға мектеп-бақшасында ақпараттық технологиялармен жұмыс жүргізу барысы жолға қойылған. Жаңа заман талабына сай ғаламторды пайдалана отырып ақпарат алу үшін директор және бухгалтер бөлмелерінде 3 компьютер интернет жүйесіне қосылған. Топтардың барлығы теледидармен қамтамасыз етілген.

5.Білім беру қызметі.

Алға мектеп-бақшасының оқу-тәрбие жұмысы келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:

- Балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, оның жан-жақты дамуын қамтамасыз ету;

          - Балалардың денсаулығын нығайту, қимыл-қозғалыс белсенділігін арттыру, ерте жастан салауатты өмір салты туралы түсініктерін қалыптастыру;

          - Мектеп-бақша мен отбасының бала тәрбиесіндегі ынтымақтастығын жүйелендіру;

         - Балаларды жаңа кезеңдегі мектеп талаптарына сай даярлау;

         - Педагогтардың кәсіби құзыреттілігін жетілдіру.

Тәрбиешілермен «Пәндік дамытушы ортаны ұйымдастыру» атты дөңгелек үстел, «Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық дамуындағы тәжірибелік-зерттеу әрекетінің рөлі» тақырыбында баяндама оқылып, «Зерттеу әрекетін ұйымдастыру» шебер класы, «Қарым-қатынас қиыншылығын қалай шешуге болады?» тақырыбында кеңес, «Ертегінің баланың жан-жақты дамуына әсері» және «Балалардың танымдық белсенділігін арттыруда жобалау, зрттеу әдісін қолдану» тақырыбында семинар-практикум, «Табиғат білгіштері» атты КТК, «Спортқа дайынбыз» атты спорттық шара, «Ертегі терапиясының баланың жан-жақты дамуына әсері», «Аталар сөзі-тәрбие көзі», «Халық педагогикасы арқылы

балаларды патриоттық сезімге тәрбиелеу» және «Балалардың танымдқ белсенділігін арттыруда жобалау, зерттеу әдісін қолдану» тақырыптарында ашық қаралымдар және тренингтер ұйымдастырылды.

Тәрбиеленушілермен жүргізілетін тәрбие - оқу жұмыстарын сапасын арттыру мақсатында тұрақты, тақырыптық, ағымды және салыстырмалы бақылау түрлері жүргізілді.Осы оқу жылы тіл дамыту, көркем әдебиет, құрастыру, өзін-өзі тану, экология негізі, орыс тілі, мүсіндеу, жапсыру, дене шынықтыру және хореография оқу әрекеттерінің ұйымдастырылып, жүргізілуі бақыланып, талданды.

      Қыркүйек, қаңтар және мамыр айларында білім беру саласында және кіші саланың әрбір жастық кезеңінде балалардың біліктілік даму деңгейін қадағалау мақсатында индикатордың карталары арқылы үш деңгейде анықтап, қорытындысын шығардық. Білім сапасының төмендегідей көрсеткіш нәтижесін көрсетті:

«Таным»саласы –2,5

«Қатынас»саласы –2,6

«Денсаулық»саласы – 2,6

«Шығармашылық» саласы – 2,5

«Әлеуметтік орта» саласы -2,5

Жалпы көрсеткіші-2,6.

«Алға мектеп-бақшасы»ММ- де 2016-2017 оқу жылында «Жаңа педагогикалық технологияларды пайдалана отырып, жан- жақты дамыған , салауатты , білімді шығармашыл тұлғаны қалыптастыру» мәселесі бойынша жұмыс жасады.

2016-2017 оқу жылында мектеп-бақшада 112 оқушы білім алды. Мемлекеттік мекеменің мектебі  2-4 сыныптар -алтыкүндік жүйе бойынша жұмыс жасаса,1 сыныптар жаңартылған білім бағдарламасы бойынша және бақша бескүндік тәртіп бойынша жұмыстады.Оқыту тілі-қазақ. Мектеп екі ауысым бойынша жұмыс жасайды:

бірінші аусымда-бірінші және үшінші сынып оқушылары (56)

екінші аусымда –екінші және төртінші сынып оқушылары (56   )

Бірінші ауысым-8.00 басталады

Екінші аусым-14.00. Сабақ ұзақтығы-45 минут, бірінші сыныпта бірінші жартыжылдықта-35 минут. Үзіліс ұзақтығы 10 минут, екі үлкен үзіліс 2-ші және 3 ші сабақтардан кейін.Үлкен үзілісте оқушылар ыстық тамақпен қамтылады. Аспазшылар жұмысын емдәмбике Т.Сабырбаева және мектеп әкімшілігі бақылайды.

Сабақ кестесі мектеп директорымен бекітілді.

Өткен оқу жылында педагогикалық ұжымның алдында қойылған міндеттердің бастысы-білім сапасын көтеру .Енді соңғы үш жылда қандай нәтижеге келдік, қандай өзгерістер бар екені көру үшін статистика мәліметіне көз салайық

Кесте №1


Оқушы саны

Білім сапасы

2014-2015 оқу жылы

120

80%

2015-2016 оқу жылы

110

80%

2016-2017

110

80%

№1 кестеде көрсетілгендей 3 жыл ішінде 80% түспей келеді

5.    Алға мектеп-бақшасы  2015-2016 оқу жылының білім сапасын сыныптар бойынша №2 кесте бойынша көруге болады.

                                                    

1 "А"сынып жетекшісі - Байжанова С.Ә.

1 "Ә" сынып жетекшісі - Казбекова Қ.Ж.

2 «а» сынып жетекшісі - Ермагамбетова Ж.К.

3 «а» сынып сынып жетекшісі Давлетова Ш.И.

4 "А"сынып жетекшісі   - Бесайдарова Г.

4 "Ә" сынып жетекшісі - Даулетбаева А.

Педагогикалық кеңесте мектептің жылдық және даму жоспары, әдістемелік бірлестіктердің қызметі, таңдау, мұғалімдердің шығармашылық есептері,                           санитарлық – гигиеналық жағдай, сыныптан – сыныпқа көшіру, марапаттау секілді маңызды шешімдер қабылданды.

         Мектепшілік іс – шаралар мен іс - әрекеттердің өзара байланысты жүйесі ретінде мектептің әдістемелік жұмысы білім беру үрдісінің сапасы мен әрбір мұғалімнің біліктілігін көтеруге бағытталған.

Жыл басындағы педагогикалық кеңестер бекітілген жоспарға сәйкес әдістемелік кеңестің жыл бойы 6 отырысы өткізілді. Онда мұғалімдердің шығармашылық бағыттағы іс – тәжірибесімен бөлісу мақсатында «Қазіргі заман педагогі» , «Педагогтің имиджін қалыптастыру мүмкіндіктері» , тақырыптарындағы әдістемелік баяндамалар мен өзара тәжірибе алмасужұмыстары , тестке дайындық жұмыстары жайлы, ағымдағы және тоқсандық жазба жұмыстарының қорытындылары сараланып, білім сапасын көтеру жолдары бірігіп қарастырылды.

         Мектепте 3 пән бірлестігі жұмыс жасады. Оларға мұғалімдер пәндерге сәйкес біріктірілген. Пән әдіс бірлестігінің жұмыстары, оның жыл басында бекітілген жоспарының орындалуы қадағаланып келді. Оларда қаралған мәселелердің өзектілігі мен мектеп үшін тиімділігі басты назарда ұсталып, құжаттары жинақталды.

                 Білім сапасы мұғалімдер қызметінің сапасына тікелей байланысты. Осы бағытта мұғалімдердің кәсіби білімін жетілдіру жұмысына ерекше мән беріледі. Биылғы оқу жылында 10 педагог өз білімін жетілдірсе, соның ішінде 1 сынып  мұғалімдері жаңартылған бағдарлама бойынша курстарынан өтті.

Мектепте 4 сынып оқушыларын тест тапсыруға дайындық жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілді. Ата – аналармен, сынып жетекшілермен байланыста болып, оқушылардан байқау сынақ тестері алынып, қорытындысы бойынша жұмыстар жүргізілді.


       6.Тәрбие жұмысы.

2016-2017 оқу жылында жеке тұлғаны қалыптастыруда мектептің тәрбие жөніндегі мақсаты және тәрбиенің басым бағыттары негізге алына отырып, жылдық жоспар жасалды.

         Жан-жақты жеке тұлғаны қалыптастырудағы тәрбие берудің мақсаты: оқушыларды өркениетті өмірге талаптануға, ата-баба дәстүрін жалғастыруға, кіндік қаны тамған туған жерін, асқақтаған көк туын, Отанын сүюге, үлкен-кішіге мейірімді, ізетті, текті дені сау жеке тұлға тәрбиелеу

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы №227 Ақтөбе облысының Білім басқармасының 2015 жылғы 1-қырқүйектегі    № 733 бұйрықтарының негізінде тәрбие жұмысының басым бағыттары бойынша 2016-2017 оқу жылына жасалған жоспар бойынша тәрбие сағаттары, ертеңгіліктер, апталықтар, айлықтар,акциялар өткізілді.                                   

        Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие бойынша 1 қыркүйек – білім күніне арналған «Мен өз елімнің патриоты» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатының мақсаты – жас ұрпақты Отанын сүюге, елінің рәміздерін қастерлеуге баулу, өз елін, тегін, тарихын білуге тәрбиелеу. Оқушыларға ҚР-ның Президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы жан-жақты түсінік қалыптастыра отырып,елбасының қоғамға және мемлекетке сіңірген еңбегі туралы мағлұматтар алды.

Тәрбиенің ұлттық бағыты бойынша «Тарих – ғасырлар куәсі», «Тәуелсіздік – таң нұры» тақырыптары бойынша тәрбие сағаттары өтілді. Оқушыларға қазақ халқының бастарынан кешкен қиындықтар мен күрестер туралы айта отырып, бүгінгі күнде жеткен жемісіміз айтылды. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі» туралы заң Жоғары Кеңес сессиясында бекітілгенін ұғындырылды.

           Тәрбиеленушілермен «Ана тілім - дара тілім»,«Күз мерекесі», «Тәуелсіз     

елім Қазақстаным», «Жаса Жеңіс» атты іс-шаралар және «Қуант бізді Жаңа

       жыл»,, «Ана біздің күніміз», «Ұлы күні ұлыстың», «Ынтымақтастық, бірлік

        күні» және «Даярлықпен қоштастым, мектебіммен достастым» атты

      ертеңгіліктер, «Балақай» атты құрама топтық сайыс, «Көркем сөз кеші»

      тақырыбында байқаулар және балалардың қол еңбек жұмысына көрмелер

      ұйымдастырылды. Сонымен қатар балалардың өмір қауіпсіздігін қорғау және

      денсаулығын нығайту, төтенше жағдайлардан, жол және көлік жарақатынан

      сақтандыру мақсатында сауықтыру-шынықтыру шаралары жыл мезгілдеріне

      және жоспар кестесіне сай іс-шара, ойын, жарыс, саяхат,сергіту жаттығулар,

        көрме ұйымдастыру және әңгімелесу түрінде жұмыстар жүргізілді.

       Ата-аналармен топтарда 4 рет жиналыс өткізіліп, логопед, психолог және

      медбике дөңгелек үстел ұйымдастырып, кеңес берді. Отбасы күніне орай «Би

      әлемі» атты би байқауы, «Он саусаққа он өнер» тақырыбында қол өнер

     көрмесі, ашық есік күндері, сенбіліктер және жылжымалы папкілер арқылы

    ақпараттық хабарламалар ұйымдастырылды. Даярлық топ ата-аналарымен    

«Мектепке дайынбыз ба?» тақырыбында сауалнама жүргізілді.

     7. Бағалау.

Осы оқу жылындағы педагогтар жетістіктері:

2015 жылы АОҒТО ұйымдастырған «Топтағы ең үздік тілдік-көркем орталық» атты сыртай байқауына қатысып Ж.Есентугелова және Н.Шөкім сертификат алды

2015жылы Қазақ хандығының 550жылдығына байланысты өткізілген Республикалық байқауда оқушыларды жоғары жетістікке қол жеткізгені үшін Даулетбаева АА марапатталды

2016 жылы – «Мектепалды даярлық кластың үздік педагогы - 2016» атты аудандық тәрбиешілер сайысына А.Бегжанова. қатысып ІІ орынды иеленіп, дипломмен марапатталды.

2016 жылы «Ақтөбе-Дарын» ӨҒТҚББО ұйымдастырған халықаралық «Пони» турниріне қатысып Ж.Есентугелова және А.Бегжанова дипломмен марапатталды.

2016жылы «Менің педагогикалық идеям» тақырыбындағы аудандық фестивальға белсене қатысқаны үшін логопед Атраубаева Марина «Шығармашыл педагог» номинациясымен марапатталды

2016 ж. ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған аудандық жеңілатлетикалық жүгіруде дене шынықтыру пәні мұғалімі Галимова Динара І орынға иеленгені үшін марапатталды

2016ж 6 сәуір –Дүниежүзілік үстел теннисі күніне арналған үстел теннисінен Жеке Біріншілікте дене шынықтыру пәні мұғалімі Галимова Динара ІІІ орынға иеленгені үшін марапатталды

Тәрбиеленушілер жетістіктері

2015 жылы «Арман қала -Астана» атты ән байқауына қатысып, Серікұлы Әмірхан Аудан әкімдігінің І дәрежелі дипломын иеленді.

2016 жылы «Ақтөбе-Дарын» ӨҒТҚББО ұйымдастырған халықаралық «Пони» турниріне қатысып Қыдырбаева Гауһар, Утешова Сымбат, Кангужин Дархан және Қуанышбай Нұрсәуле дипломмен және сертификаттармен марапатталды.

2016 жылы Аудандық «Тіл болашағы - балабақшада» байқауына қатысып, «Күншуақ» атты даярлық тобының балалары жүлделі 1 орынды жеңіп алды.

Мектепшілік «Балақай», «Әрқашан біргеміз» және «Көркем сөз кеші» атты өткен байқауларда Мадақтама , Алғыс хат және дипломдар берілді.

    Оқушылар жетістіктері

           1)Аудандық «Кішкентай білгірлер» атты интеллектуалдық олимпиадасына қатысып,білімділіктерімен озып шыққаны үшін мектеп-бақшаның «Шамшырақ тобы» жүлделі І орын иеленді,

            2)Республикалық «Зерде» атты шығармашылық жобалар мен зерттеу жұмыстары конкурсының аудандық кезіңде ғылыми зерттеушілік қабілеті мен іздемпаздылығын танытқаны   және І орынға иеленгені үшін 3 «а» сынып оқушысы Әбілтай Айша марапатталды

3)Қазақ хандығының 550 жылдығына өткізілген «Ұлы даланың өшпес тарихы»атты республикалық байқауында Кемалбаев Санжар, Арстанова Альбина,Амангелдиев Жанибек марапатка ие болды

4) «Ақбота» интеллектуалдық ойнында Нурдаулетова Нурлы І орынға иеленді

Жаңа оқу жылына қойылған мақсаттар мен міндеттер

Мектепте 2016-2017 оқу жылында атқарылған оқу – тәрбие жұмыстарына жасалған талдаулар негізінде әдістемелік жұмыстарды жетілдіру мақсатында 2017-2018 оқу жылына басым бағыттар белгіленіп, оны орындау мақсатында төмендегідей міндеттерді қадағалаймыз:

·        Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы.

·        Білім беру сапасын арттыру мақсатында пән сабақтарында интерактивті оқыту технологияларын кеңінен пайдалану;

·        Тәрбие, білім берудің жаңа бағдарламаларын, оқу жоспарларын, мемлекеттік білім беру стандартын, мемлекеттік білім беру стандартын, нормативтік құжаттар, әдістемелік нұсқауларды талдау, игеру, жұмыстарын ұйымдастыру;

·        Мұғалімдерге педагогикалық білімін өз бетінше көтеру жолдарын үйрету, өзара кәсіби бәсекелестік орнату; Оқыту мен тәрбиені ұйымдастырудың жаңа формаларын, әдістерін педагогикалық технологиялармен байыту;

·        Мұғалімдерді зерттеушілік, шығармашылық жұмыстарға баулу, ынталандыру.

·        Оқушылардың білім сапасын арттыру, олардың дарындылығын айқындап, біліміне, ойлау қабілетіне ықпал ететін интеллектуалдық шараларды өз дәрежесінде ұйымдастыру;

·        Оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында сыныптан тыс үйірмелер, спорттық секциялар жұмысын жандандыру;

·        Ата – аналар жұртшылығымен ынтымақтастықты нығайту;

·        Балалар мен педагогтар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған іс шараларды көбейту, сапасын арттыру;

·        Сынып жетекшілер мен тәрбиешілердің кәсіби біліктілігін арттырудағы жұмысты жетілдіру, жаңартылған бағдарлама бойынша курстардан өтуге жағдай туғызу;