ҚР Туы                           ҚР Елтаңбасы                       ҚР Гимні
Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.

История

Алға мектеп-бақшасы тарихы


 

Мектеп-бақша ғимараты 1969жылы пайдалануға берілді.

1969- 1975ж ж аралығында  аудандық әйелдерді босандыру ауруханасы меңгерушісі А.Сакульский.

1975-  1977 ж ж аралығында    балаларға арналған жұқпалы ауруларды  емдеу ауруханасы.

1977-1999ж ж аралығында №6  «Ласточка»  балабақшасы , меңгерушілері- Л.Панина, Н.Наточи, Л.Швец, М.Панкратова, Л.Никулина

1999-2005жж  аралығында  №3 қазақ орта мектебінің бастауыш 16 сыныбы   осы ғимаратта оқытылды.

2005 ж бастап «Алға мектеп-бақшасы» ММ күрделі жөндеуден өткізілгеннен кейін жұмыс істей бастады.

Директорлары-

2005-2009 жж  аралығында Гүлмира Абдигалиевна  Есенова,

2009-2012 жж аралығында Майра  Кусейновна Домбаулова

2012 -2016 жж  Агниязова Жансары Казымовна

2016 жылдан бастап Кубесова Динара Калимжановна басқарып келеді

2005 ж бастап  бүгінге дейін директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Отаралина Г.К, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л.Бошанова, әдіскер жұмысын А.Кармашева атқарып келеді

2009 ж. ақпанында КБАжҚДИ-дің ұйымдастыруымен «Тілдің үш тұғырлылығы» тақырыбында облыстық семинар өткізілді.

2009 ж. сәуір айында «Ғылым мен практиканың интеграциялануы жағдайында мектепке дейінгі мекеме мен бастауыш буын арасындағы сабақтастық : ізденіс және тәжірибе» тақырыбындағы облыстық ғылыми-практикалық конференциясы өткізілді.

2009 – 2010 жж, 2010-2011 оқу жылдарында 6 мұғалім : Ж.Агниязова, С.Барзакова, Л.Бошанова, А.Кармашева, Ш.Давлетова, Б.Калиева облыс әкімінен «Үздік класс жетекші», «Үздік мұғалім» Сертификаттарын иеленді. Облыстық оқу әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткізіліп отыратын облыстық пәндік олимпиадаларға қатысып, «Ең үздік жоба» атағын жеңіп алды. Бастауыш сыныптардың «Тал бесік» тәрбие бағдарламасын құрастырды. «Құқық және біз» тәрбие сағаттары жинағын, «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының ықпалдандыру әлеуеті : мүмкіндіктері, тәжірибесі, жүзеге асырылуы» тақырыбында өткізген облыстық практикалық семинар жинағын, «Ұлт тәрбиесі-ұрпақ тәрбиесі» жинағын шығарды. 2013 жылы Республикалық 45 минут газетіне ашық сабақтарын жариялады.

2011 ж. Дарынды балалар –Қазақстанның болашағы Энциклопедиясына үздік 10 оқу озаты, 10 үздік педагог енді. Энциклопедияның Құрмет тақтасына 10 педагог «Үздік қызметкер» атағына иеленді.

2012-2013 оқу жылынан бастап 2 педагог Ақтөбе облысының білім саласындағы бақылау департаментінің білім беру мекемелерін аттестаттау комиссиясы мүшесі.

2013-2014 оқу жылында оқушылардың сабақтан тыс уақыттарын тиімді  ұйымдастыру мақсатында «Жүз бала» жобасы қолға алынды. Аптасына 1 рет ақысыз үйірмелер жұмыс жасайды. Жобаның басты мақсаты оқушыларды 100 % қамту. Оқу жылының аяғында атқарылған жұмыстардың есебі ретінде «Жарқыраған жұлдыздар» фестивалі өткізілді.

Үйірмелер : «Қиялдар әлемі» шебер қолдар жетекшісі Ш.Давлетова,  «Мәнерлеп оқу» , «Көңілді қуыршақтар», «Талаптылар» мәнерлеп оқудан, «Сазды әуен», «Ұшқыр қалам» көркем жазудан, «Шабыт» ансамблі, «Қылқалам», «Ғажайып гүлдер» оқушылардыңда, ата-аналардыңда көңілінен шықты.

Бүгінгі күні  Мектеп-бақшада  6 класс-комплект,  онда 112оқушы бар. 10 мектепке дейінгі топтар,  онда 255 тәрбиеленуші бар, 39 педагог қызмет атқарады.